$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда 2 млн адам өз мамандығымен жұмыс істемейді – статистика

5 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 пайыздан асып кеткен.
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Былтырғы қорытынды бойынша өз мамандығымен жұмыс істемейтін қазақстандықтардың саны 2 миллион адамға жеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Finprom сарапшыларының мәліметінше, бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 пайыздан асып кеткен. Әлбетт, бұл ахуалды жалпы еңбек нарығының өсуімен байланыстыруға да болар еді, алайда өз мамандығынан тыс жұмыс істейтін адамдардың жылдық үлесін салыстыратын болсақ, өзге үрдісті көруге болады. Қазақстанда ондай жұмысшылардың саны ғана емес, оларды жұмыспен қамтудағы үлес те артып келеді.  

Еңбек министрлігі оқу орындарын бітірген түлектердің 40 пайызға жуығы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін айтты. Бұл жалпы экономика үшін де, кейіннен басқа білім алатын немесе мамандығы бойынша жалақысы төмен қызметте істейтін студенттер үшін де жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін. Дипломы бар түлектер барып жатса да, сұранысқа ие мамандықтар бойынша бос орындар әлі де толған жоқ, - делінген зерттеуде.

Мысалы, 2023 жылы жоғары оқу орындары мен колледждерді 300,7 мың студент бітірді. Олардың төрттен бірі (24%) – болашақ бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері мен тәрбиешілер. Дәл сондай үлеспен – әрқайсы алты пайыздан – қызмет көрсету, өндіріс, сондай-ақ бизнес, басқару және құқық сияқты санаттар жалпы көрсеткішке ие болып отыр.

Экономистер, заңгерлер мен қаржыгерлерге сұраныстың аздығына қарамастан, талапкерлердің бұл мамандықтарды әлі де көп таңдайтынын статистика растап отыр. Биылдың өзінде 12,4 мың түлек сертификатталған заңгерлер мен экономистер қатарына қосылды. Оның ішінде 7,6 мың адам заңгер дәрежесін алды. Дегенмен қазақстандық еңбек нарығының заңгерлерге деген нақты қажеттілігі 2023 жылы шамамен бес есеге аз болды: бар болғаны 1,6 мың маман. Яғни, заңгерлер сұранысқа ие мамандықтар тізімінде бірінші ондыққа да, тіпті екінші ондыққа да енбейді, - дейді мамандар.

Болжамдарға сәйкес, биыл мұғалімдерге сұраныс жоғары болады – олардың үлесіне бос орындардың 8,4%-ы дерлік келеді. Сондай-ақ қазақстандық жұмыс берушілерге 10,2 мыңнан астам бухгалтер қажет– бұл кадрларға деген жалпы қажеттіліктің 4,7%-ын құрайды. Сонымен қатар қазақстандық еңбек нарығының негізгі сұранысқа ие бөлігі – арнайы біліктілігі жоқ кадрлар. Сондықтан сұранысты алдыңғы қатарында күзетшілер, дүкен сатушылары мен жүргізушілер тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары