Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.