Қарағандыда әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 тамызда түнгі уақытта Криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлерінің Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды.
Күдікті облыстық Полиция департаментіне жеткізілді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында кәмелетке толмаған бала анасына шабуыл жасаған ер адамды видеоға түсірген болатын. Қарқаралының 51 жастағы тұрғынына жасалған шабуылдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.