$ 439.43  473.31  4.82

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

Республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айларында жүзеге асырады.
Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz

Шетелде ғылыми тағылымдамадан (500 ғалым) өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау 2023 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметінше, республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айларында жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мына мекенжайда: Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қолма қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады.

Құжатты үшінші тұлға келіп тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет, - деп ескертті ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары