Елордада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қала әкімдігі қолданыстағы заңнаманы елемеу арқылы жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты және т.б.) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналатынын ескертті.
Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған,-делінген хабарламада.
Астанада үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.