$ 510.08  539.61  5.15

Түркияда жол апатынан атыраулық журналист көз жұмды

Антальядағы ірі жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды.
Фото: facebook.com/bisembieff
Фото: facebook.com/bisembieff

Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Түркия елінде ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қайғырып көңіл айтты.

Антальядан суық хабар келіп жатыр... Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Антальядағы ірі жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі Қазақстан азаматтары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары