Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметовтың Instagram парақшасындағы мәлімет бойынша, конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды,-делінген хабарламада.
Басқосуға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысқаны айтылады.