$ 449.58  486.94  4.86

Атақты Nokia 3310 маркалы телефоны жаңа үлгіде қайта шығарылатын болды

Екі мыңыншы жылдардың басында үлкен сұранысқа ие болған әйгілі Nokia 3310 маркалы ұялы телефоны жаңа үлгіде қайта жасап шығарылатын болды. Аппарат біршама жұқарып, түрлі-түсті дисплейге ие болады деп жазады Gizmochina.

Ал, телефонның өзге функциялары мен дизайны өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, оның салмағы айтарлықтай жеңілдемек. Өйткені, соңғы 17 жылда ұялы телефондардың бөлшектері барынша жетіліп, кішірейтілген.

Ескі Nokia 3310 телефонының дисплейі 84х84 пиксельді болса, жаңасы одан біршама үлкен болады. Ал, батырмалары бұрынғы үлгіде қала бермек. Сондай-ақ, қолданушыларға телефонның бірнеше түсті үлгісі ұсынылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары