$ 448.89  477.93  4.76

Азиада-2017: Галина Вишневская Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде салды

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны төртінші алтын медальмен толықты. Биатлоншы Галина Вишневская құрлықтық жарыстағы кезекті жүлдесіне қол жеткізіп отыр.

10 шақырымдық қашықтыққа жарысқан биатлоншы қыздар арасында Вишневскаяның алдына түсер жан болған жоқ. Бұл қазақстандық шаңғышы қыздың Азиададағы алғашқы жүлдесі емес екенін айта кету керек. Бұған дейін Галина Вишневская 7,5 шақырымдық қашықтықта да қысқы Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ, бүгін дәл осы спорттың ерлер арасында өткен жарысында Ян Савицкий Қазақстан қоржынына күміс жүлде салғанын да айта кетейік. Қазақстан ұлттық құрамасы қазір 4 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға нық жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары