$ 484.11  528.79  5.03

Болат Жәмішев Мемлекет басшысына «Қазақстан халқына» қорының жұмысы туралы баяндады

Қор мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және ауылдан шыққан талапкерлердің жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болат Жәмішевтің баяндамасынан:

— Қор 2022 жылы қаңтарда құрылған уақыттан бері қайырымдылық жасаудың тұрақты моделін ұлттық ауқымда қалыптастырған.
— Қор ашықтық, есептілік, заңдылық және тұрақтылық секілді қоғамдық қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын сақтайды және еліміздегі қайырымдылық экожүйесінің дамуына елеулі үлес қосады.
— Қордың жұмысы жалпы жұртшылықтың сенім мандатына негізделген. Қордың қайырымдылық жобалары мен бағдарламалары қоғам өмірінің маңызды салаларына айтарлықтай әсер етеді және көбіне олардың дамуына тың серпін береді. Қор азаматтарымыздың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі мәселелерін шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 миллиард теңге болатын 40-тан астам қайырымдылық бағдарлама мен жобаны қаржыландырады. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіледі. Қордың бағдарламалары ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға басымдық бере отырып, еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылады.
— Қордың ең ірі бағдарламасы – өмірге қауіп төндіретін және орфанды (сирек) аурумен ауыратын науқастар үшін дәрілік препараттарды сатып алу. 324 қазақстандық (оның 243-і балалар) үшін 24,9 миллиард теңге көлемінде дәрілік заттардың 36 түрі, сондай-ақ Қазақстанға алғаш рет жеті препарат, оның ішінде әлемдегі ең қымбат «Золгенсма» дәрісі сатып алынды.
— Қордың қолдауының нәтижесінде елімізде тірек мектептер жүйесі (80 мектеп), ауылдағы, әсіресе аз жабдықталған мектептердегі білім деңгейін арттыру үшін құзыреттілік орталықтары құрылды.
— Қор мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және ауылдан шыққан талапкерлердің жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Республика бойынша 2200-ден астам студент «Қазақстан халқына» қорының гранттары мен стипендиясының иеленген. Ауылдарда спортпен айналысатын залдардың тапшылығы мен қолжетімсіздігін ескеріп, қордың қолдауымен ауыл жастарына арналған 24 спорт залы ашылды. Қазіргі таңда 76 залды іске қосу жұмыстары жалғасады.
— Ерекше балаларға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы 4 ерте араласу орталығы және аутизм мен басқа да ақыл-ой ауытқушылығы бар балаларға арналған 4 орталық ашылды. 13 орталықты ашу жұмыстары жүргізілуде.
— 15 тамыздан бастап қордың бастамасымен «Өңірлерге арналған қор» атты ұлттық қайырымдылықтың II конференциясы басталды. Еліміздің барлық аймағында дөңгелек үстел форматында өңірлердің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыруға ұсынылатын бастамалар талқыланып, жобалар айқындалады. Әзірленген ұсыныстар 2024 жылы «Қазақстан халқына» қорының қызметінде басшылыққа алынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары