Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз +18+25°С-қа дейін бірте-бірте көтерілетін болса, батыста, солтүстік-батыста – + 13 + 23 °С градусқа дейін төмендейді.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі фондық температура +22+30°C, – делінген хабарламада.
Бұл ретте, болжам бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел аралас жаңбыр жауады.
8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды, – деп жазды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі