$ 443.85  474.3  4.8

Италияда 20 жыл түрмеде отырған тұтқынның кінәлі еместігі анықталып, бостандыққа жіберілді

Адам өлтірді деп айыпталып, түрмеге қамалған Италия азаматы 20 жылдан кейін өзінің кінәсіз екенін дәлелдеді. Бұл турады жергілікті La Stampa басылымы хабарлап отыр.

Дерекөздің мәліметінше, Фраганьяно қаласының 55 жастағы тұрғыны Анжело Массаро 20 жыл бойы жасамаған қылмысы үшін түрмеде отырған. Сот оны Лоренцо Ферсурелло есімді азаматты 1995 жылдың 22 қазанында өлтірді деп тапқан және 24 жылға бас бостандығынан айырған екен.

Сот осынау үкімді бір ғана куәгердің естіген ақпараттарына сүйене отырып шығарған. Күні кеше сотталушының қорғаушысы куәгердің берген осынау мәліметі бұрмаланғанын, сондай-ақ, қылмыс болған кезде Массаров өзге жерде болғанын дәлелдеп шықты.

Нәтижесінде, 20 жыл бұрын үкім шығарған Катанзаро қаласының соты апелляциялық өтінішті қанағаттандырып, Массароны бостандыққа шығарды. Енді адвокаттар осыншама уақыт жазықсыз түрмеде отырған сотталушы үшін мемлекеттен өтемақы талап ететін болады. Әзірге келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары