Жаңалықтар 27.02.2017 сағат 04:13

Халқы аштықта отырған Зимбабве президенті өз туған күніне 2 миллион еуро жұмсады

Зимбабве президенті Роберт Мугабе өзінің 93-ке толған туған күніне қарсы ауқымды салтанатты іс-шаралар өткізді. Шаралардың барлығы Булавайо қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Матобо табиғи паркінде өтті деп жазады Cameroon Concord. Басылымнң хабарлауынша, президенттің туған күнін тойлауға 2 миллион еуро жұмсалған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мугабені құттықтауға бірнеше мң адам келген. Олардың басым бөлігі Зимбабве африкалық ұлттық одағы партиясының өкілдері. Қонақтарға салмағы 93 келі тартатын торт ұсынылды.

Мугабе болса салтанатты шара кезінде 1 сағаттан астам тоқтамай баяндама оқыған. Ол өзінің 37 жыл бойы елді басқарып келе жатқанын айтып, билікті өлгенше ешкімге бермейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың қыркүйегінде Мугабе өзіне арналған ескерткіштің ашылуына қатысқан болатын. Ал, желтоқсанда 2018 жылы өтетін президенттік сайлауға тағы да қатысатынын ресми хабарлады. Оның әйелі болса сайлауға дейін Мугабе қайтыс болса, саяси науқанға оның мәйіті қатысады деп жұрттың жағасын ұстатты.

Айта кету керек, Зимбабве әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлыбританиядан 37 жыл бұрын тәуелсіздігін алған уақыттан бері елді Роберт Мугабе басқарып келеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар