$ 495.2  522.34  4.94

Алматыда алғаш рет New Media Forum өтеді

Форумға қатысу гибридті форматта өтеді - спикерлер де, қатысушылар да офлайн және онлайн қатыса алады. Сондай-ақ форумды нақты уақыт режимінде көруге болады.

Алматыда алғашқы Жаңа медиа форум (New Media Forum) өтеді. Форумның спикерлері мен хедлайнерлері заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау мақсатында «Қазақстан» қонақүйінде бас қосады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Форум спикерлері: 

№1 Сессия

Жаңа цифрлық әлем тәртібі

Эльдияр Кененсаров, шоумен, «Eki bala» және «Asia Mix» тик-ток жобаларының авторы (Қырғызстан); Тимур Абдуллин, Repost.uz сайтының негізін қалаушылардың бірі және жетекшісі (Өзбекстан); Дәурен Меркеев, Airan YouTube арнасының бас продюсері (Қазақстан); Сашни Бишвас, мультимедиялық журналист және In Old News сайтының негізін қалаушы (Үндістан, онлайн); Михаил Краймер, аралас жекпе-жек бойынша сарапшы және «Вестник ММА» ғылыми-ойын-сауықтық бейне журнал авторы (Ресей). 

№ 2 Сессия

Медиа нарығының эволюциясы

Айдос Сарым, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (Қазақстан); Абылайхан Камаладин, QAMALLADIN bloggers agency бас директоры (Қазақстан); Дилмурад Рахимов, International Media Service басқарушы директоры (Қазақстан); Юлия Сычева, Авторлық құқық және медиа сарапшысы, консалтингтік фирманың контент-комплеанс тәжірибе жетекшісі, Lumieres серіктесі (БАӘ). 

№ 3 Сессия

Креативті индустрия және жаңа медиа

Марат Оралғазин, сценарист, жүргізуші, продюсер (Қазақстан); Айзатулла Хусейн, Ozen музыкалық платформасының негізін қалаушы (Қазақстан); Ерболат Беделхан, әнші, хореограф, актер, сценарист, продюсер, Орда тобының мүшесі (Қазақстан); Әлішер Утев, кино және телехикаялар режиссері (Қазақстан); Иса Меликов, халықаралық тележобалардың продюсері (Әзербайжан); Александр Аксютиц, Qazaq Media продюсерлік орталығының директоры (Қазақстан). 

№ 4 Сессия

Цифрлық кеңістіктегі жаңа медиа этикасы

Никита Шаталов, «Шаталканал» телеграм-арнасының авторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (Қазақстан); Серік Қамбарбаев, «Asar-Ume» қайырымдылық қорының өкілі, блогер, (Қазақстан); Нұрлан Байжігітұлы, теолог, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы (Қазақстан); Ғалым Қалиакбаров, «Stand up Astana» стендап-әзілкеші (Қазақстан); Перизат Мырзахмет, телехикая продюсері, журналист (Қазақстан); Гүлмира Құсайынова, Manshuq онлайн-баспасының бас редакторы (Қазақстан). 

№5 Сессия

Медиа және технологиялар: ақпарат кеңістігінің трансформациясы

Александр Мелентьев, YouTube-та Expert Media Group продюсерлік орталығының негізін қалаушы (Қазақстан); Абай Сейфулла, журналист, «Abay Live», «Qasqa Jol» YouTube арналарының авторы (Қазақстан); Шынар Сапар, QM.meta компаниясының бас директоры (Қазақстан); Марғұлан Тұрсынов, ZTB.kz жоба жетекшісі (Қазақстан); Си Ву Ким, Korean Creative Content Agency ТМД елдеріндегі өкілі (Оңтүстік Корея). 

Панельдік отырыстардың модераторлары:

Айгүл Мүкей, «Жібек жолы» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, қоғам қайраткері, ҚазҰӨУ «Кино және телевидение» кафедрасының доценті, PR директор;

Динара Сәтжан, журналист және тележүргізуші, кәсіпкер, fashion-продюсер, блогер және қоғам қайраткері; 

Ғазиза Райымбек, журналист және медиаменеджер; 

Рүстем Биғари, жасанды интеллект бойынша сарапшы, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының директоры;  

Данияр Медетов, Кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің бағдарлама директоры, AlmaU университетінің профессоры, Kazakh Tourism Креативті Индустрия амбассадоры.

Форумға қатысу гибридті форматта өтеді - спикерлер де, қатысушылар да офлайн және онлайн қатыса алады. Сондай-ақ форумды нақты уақыт режимінде көруге болады.

Форумның ашылу салтанаты сағат 10.00.

Жабылу салтанаты сағат 19.00. 

www.newmediaforum.kz ресми сайтында қатысушы ретінде тіркелу мүмкіндігімен Форум туралы өзекті ақпаратты таба аласыз. Қатысушылар саны шектеулі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #форум