$ 494.87  520.65  4.91

4-сынып оқушысы суицид жасамақ болған: арнайы жұмыс тобы құрылды

Бұған дейін Алматы облысында құрдастары тарапынан буллингке ұшыраған 4-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы облысында 10 жастағы оқушымен болған оқиғаға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Бұған дейін БАҚ-та Алматы облысында құрдастары тарапынан буллингке ұшыраған 4-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады.

Осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасы басшылығының өкілдері бала оқитын мектепке жедел тәртіппен барды, - делінген хабарламада.

Бұл жағдай Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.

Комитет атап өткендей, жуырда балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары