$ 510.08  539.61  5.15

Астана көшелерін тағы да су басты

Су басқан учаскелерде бригадалар жұмыс істеп жатыр.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Бүгінгі жауыннан кейін елорда көшелерін тағы да су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде су басқан аумақтардың видеосы тарады.

Әкімдік таратқан мәліметке қарағанда қала бойынша 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Су басқан учаскелерде бригадалар жұмыс істеп жатыр.

Elorda eco system ұйымы жер үсті ағынын бұру мақсатында коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды, нөсер кәріздерін тазарту, кәріз жүйелерінің құрылысы және т.б. жұмысты атқарып жатыр.

Бұл жұмыс 200-ден астам проблемалық учаскеде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын. Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында, - дейді әкімдіктен.

Биыл жерүсті су ағынын бұру үшін 2,5 км нөсер кәрізінің магистральды желілерін салу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #су #көше