$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте ер адам бөшкеге құлап, мерт болды

Құтқарушылар ер адамның денесін алып шықты.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкентте ер адам бөшкеге құлап кеткен, - деп хабарлайды Otyrar.kz. 

11 қыркүйекте 112 құтқару қызметіне кәсіпорында ер адам битум құйылған темір бөшкеге құлағаны туралы хабар келген.

Тыныс алу аппараты мен арқанның көмегімен құтқарушылар ер адамның денесін алып шықты. Бұл кезде оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мәйіт полицияға және жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді, - деді Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #ер