$ 443.35  475.54  4.82

Бағдат Мусин елімізде интернетке қатысты проблема барын ақыры мойындады

Шілде айында Бағдат Мусин Speedtest Global Indeх сүйене отырып, Астана интернет сапасы бойынша Токионы басып озып, 35-позицияға көтерілгенін хабарлады.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазақстандағы интернет Токиоға қарағанда жақсырақ деген сөзінен кейін біраз хейтке ұшыраған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елде байланыс сапасына қатысты мәселелер әлі де бар екенін мойындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ол өзінің әйгілі мәлімдемесінен кейін пайда болған отставкаға кету туралы петицияны көргенін айтты.

Біз ресми рейтингтерге сүйенеміз. Интернеттің сапасына қатысты мәселелер бар деп ойлаймын ба? Иә, бізде Қазақстанда сапа мәселесі бар екенін мойындаймын. Қазақстан азаматы ретінде мен де сіз сияқты интернетті пайдаланамын. Менде жеке интернет жоқ. Қазақстан тұрғындарында болатын байланыс сапасына қатысты проблемалар менде де болады. Сондықтан біз операторларға нақты міндеттер қоямыз. Ал мен ай сайын базалық станцияларды орнату мәселесін қадағалап отырамын, деді Бағдат Мусин.

Ол шын мәнінде министрлік ұялы байланыс операторларының жеке нарығына араласпауы керек деп қосты.

Байланыс операторлары өз желілері мен коммуникацияларының дамуына дербес жауап береді. Операторлық бизнес – нарықтық бизнес. Бір-бірімен бәсекеге түсіп, жоғары сапалы байланыс қызметтерін ұсынатын, клиент үшін күресетін жеке ойыншылар әрдайым болады. Бірақ сапалы байланыс туралы сұрақтар туындайтындықтан, министр ретінде маған (араласуға тура келді. – Ред.) Екі апта сайын барлық ұялы байланыс операторы, барлық акционермен бірге отырып, егжей-тегжейлі сөйлесемін. Қаншасы орнатылды, қаншасы модернизацияланды, қаншасы ретке келтірілді, соны талқылаймыз, деді Бағдат Мусин.

Шілде айында Бағдат Мусин Speedtest Global Indeх сүйене отырып, Астана интернет сапасы бойынша Токионы басып озып, 35-позицияға көтерілгенін хабарлады.

Дереккөз: zakon.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары