Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдар саны шамамен 36 мың болуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірқатар шетелдік ғылыми зерттеулерге сәйкес, әлемде лудоманияның таралуы жер шарындағы ересек тұрғындардың шамамен 3%-ы деп бағаланады, шамамен 12,5%- ы үнемі ойнайды. Сонымен қатар лудоманияның клиникалық өлшемшарттары бар адамдардың тек 8%-ы өздерін құмар ойындарға тәуелді адамдар деп санайды. Қазақстанға математикалық моделдеу кезінде құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты проблемаларды мойындайтын адамдардың саны шамамен 36 мың болды, – делінген хабарламада.
Министр тәуелділік профилактикасының ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындауды тапсырды, оның шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылмақ. Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізіледі.