$ 441.44  473.09  4.75

Енді WhatsApp-та канал ашуға болады

Каналда мәтіндерді, фото мен видеоларды және сілтемелерді жариялауға болады.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

WhatsApp мессенджерінде енді канал ашуға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Функция қазір 150 елде қолжетімді, бірақ оның қатарында Қазақстан жоқ. Дегенмен басшылық алдағы айларда барлық қолданушы канал ашу мүмкіндігіне ие болады деп уәде берді, деп жазды Zakon.kz.

WhatsApp мессенджері канал ашу мүмкіндігін іске қосты. Бұл функция Қазақстандағы пайдаланушылар үшін әлі қолжетімсіз. Компания каналға рұқсат ашылғаны туралы хабарлама алу үшін күтетіндер тізіміне тіркелуді ұсынды.

Арналар чаттардан "Актуал" батырмасы арқылы бөлек тұрады. Каналда мәтіндерді, фото мен видеоларды және сілтемелерді жариялауға болады. Ал пайдаланушылар каналдағы ақпараттарға реакция білдіріп, жалпы санын көре алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары