$ 494.87  520.65  4.91

«Ендігі мақсатым – олимпиада ойындарында медаль алу»: Ризабек Айтмұқан жеңісі туралы

Ол әлем чемпионы атану үшін 9 жыл еңбек еткенін айтты.
Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында еліміздің атынан тұңғыш рет алтын жүлде алып, топ жарған Ризабек Айтмұұан ендігі мақсаты Олимпиада ойындарында жеңіске жету екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Ұлттық құрама спортшысы өзіне жеңістің оңайлықпен келмегенін атап өтті.

«Құттықтап жатқан қазақ еліне рақмет! Әлем чемпионы атану үшін 9 жыл еңбек еттім. Еңбегім ақталды. Бұл менің 92 келі салмақтағы соңғы жарысымның бірі. Келесі бәсекеден бастап Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 кг дейінгі салмаққа ауысамын. Ендігі мақсатым – олимпия ойындарында медаль алу», - деді 19 жастағы атлет.

AMP

Еске салсақ, кеше еркін күрестен 92 кг дейінгі салмақтың финалында Ризабек əзербайжандық Осман Нурмагомедовпен күш сынасып, 5-2 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Осылайша, ол егемендік алғаннан бері әлем чемпионатында еркін күрестен алтын алған тұңғыш әрі ең жас қазақстандық палуан атанды. Осы уақытқа дейін Ұлттық құрама 17 жүлдеге қол жеткізген. Оның бесеуі – күміс, 12-і – қола медаль

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары