$ 443.35  475.54  4.82

ҰҚК-ның экс басшыс Н.Дүтбаев 26 наурызға дейін тергеу абақтысында отырады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевты қамауда ұстау мерзімі 26 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылы 17 ақпанда Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты Дүтбаев Нартай Нұртайұлының, Хасен Нұрлан Болатұлының және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлының қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 26 наурызына дейін созды», - делінген Астана қалалық сотының мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардағы бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлімінде («Мемлекеттік құпияларды жария ету») және 362-бабы 3-бөлімінде («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қарастырылған қылмыстарды жасады деген күдікпен Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды.

Көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК тергеу оқшаулағышына қамалды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары