$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде зейнеткерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 16,4 трлн теңгеге жетті.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

ҚР Адам ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, биыл тамыз айында елімізде 2,3 миллион зейнеткер болған. Бұл - кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Осылайша Қазақстанда зейнет жасындағы халықтың біртіндеп өсуі байқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ranking.kz Қазақстанның зейнетақы жүйесіне талдау жасап, шолу дайындады. Ең маңыздысы – зейнетақыға ақша жинақтай алу. Қарапайым сөзбен айтқанда, адам неғұрлым көп жинаса, соғұрлым қартайғанда алатын зейнетақысы да көбейеді. Бұл халықтың болашағына жауапкершілік жүктейді.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 16,4 трлн теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20% көп (2,7 трлн теңге). БЖТ арқылы зейнетақы жинақтары бір жылда 19,5% өсіп, 15,8 трлн теңге болды. БКЖТ шеңберінде зейнетақы жинақтары бір жылда 27,8% өсіп, 517 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте Ерікті жинақ қоры есебінен үнемдеу 57,8% өсіп, 4,5 млрд теңгеге жетті.

Бірыңғай жинақ есебінен орташа жинақ сомасы 1,4 млн теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 18,1% көп. Бұл ретте есептеу кезінде барлық инвесторлардың – ЖЗШ-ға (жеке зейнетақы шоты) қаражат жинай бастағандардың да, 25 жыл бойы жарна аударғандардың да зейнетақы шоттары есепке алынады. Жинақ көлемі көп жағдайда салымшының кірісіне негізделген жарналардың жүйелілігі мен көлеміне байланысты.

БЖЗҚ-дағы азаматтардың жинақтары екі жолмен өседі: зейнетақы жарналарының түсуі есебінен және инвестициялық кіріс есебінен. 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында ел азаматтарының зейнетақы жарналары 1,2 трлн теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26% көп.

Бұл ретте, есепті кезеңде таза инвестициялық кіріс 760,9 млрд теңге болды. Бұл салымшылардың шоттарына түскен барлық түсімнің 38,8%-ына тең. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 259,8 млрд теңгеге немесе 52% өсті. Бұл - өте айқын нәтиже.

Зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық банкі, сонымен қатар ЖИП (инвестициялық портфельді басқарушылар), яғни Қазақстанның жеке инвестициялық компаниялары жүзеге асырады. Бұл ретте активтердің негізгі үлесін ҚР Ұлттық банкі жинақтайды. Инвестициялық кіріс алу үшін Ұлттық банк пен инвестициялық портфельді басқарушылар зейнетақы активтерін Қазақстанда және шетелде түрлі валютада экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына орналастырады.

Дереккөз: Zakon.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары