$ 439.43  473.31  4.82

Жетісу облысында көршісінен таяқ жеген әйел ауруханада көз жұмды

Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Жетісу облысында мас тұрғын көршісін ұрып-соққан. Қатты соққы салдарынан жәбірленуші әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне ер адам қамауға алынды. Бұл факт Қаратал ауданында тіркелді 19 қыркүйекке қараған түні Жаңаталап ауылының 30 жастағы тұрғыны көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Алған ауыр жарақаттардың салдарынан әйелді құтқару мүмкін болмаған. Ол келесі күні ес жимастан көз жұмды.

Полицейлер күйеуге шықпаған әйел қарт анасымен бірге тұрғанын және қатты соққы салдарынан өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын алғанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 43 жастағы ауылдасын ұстады. Ер адам көрші үйде тұрған және оның алыс туысы болып келеді.

Қылмыстың себебі – екеуінің арасындағы жағымсыз қарым-қатынас. Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан. Қазір ұсталған адам қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары