Желіде Mechta.kz электроника және тұрмыстық техника дүкендері желісінің жарнамасындағы қате жұрт наразылығын туғызды. Онда "обогреватели" сөзі қазақшаға "жалатқыш" деп аударылған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушлары мұндай аудармаға наразы болды. Компания бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады massaget.kz. Олардың айтуынша, жарнамадағы қате бірнеше сағат ішінде түзетілген.
Жалатқыштар жинағы! Өткен аптада бірнеше сағат ішінде елорда тұрғындары жарнаманың аудармасындағы қатені байқады. Қате бірнеше сағат ішінде түзетілді. Сөзді теріп жатқанда қате кетті. Жылытқыштарға қызығушылық артты, сондықтан сіздерге жылытқыш топтамасын ұсынамыз. Орталық жылу сіздерді жылытпаса да, біздің жылытқыштар жылытсын, - деп жазған олар әлеуметтік желідегі парақшада.
Желі қолданушылар бұған қатысты түрлі пікір қалдырған.
"Кешірім сұраңыздар. Байқаусызда емес, бұл - өрескел қате", "Тілім үшін тегін аударып берейін", "Аудармашы дұрыс жұмыс істемей ме?", "Қателікті қателікпен жөндепсіздер! Қазақша аударманы жөндеңіздер", "Жалатқыш дегенді бір қызметкер қайта аударып тексеріп көрмеген бе?", - деп жазған олар.