24.09.2023, 07:30

Жексенбі күніне арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay
Синоптиктер бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауып, үсік болатынын болжады.

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қыркүйекте бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауып, үсік болатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын ( жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 24-26 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 24 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. 24 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 24-26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 25-26 қыркүйекте екпіні 23 м/с күтіледі. 24-26 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.