$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген экс-депутатқа үкім шықты

Мұратова сот отырысына келмеді.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Ақтөбе мәслихатының экс-депутаты Мұратова алты айға көлікті басқару құқығынан айырылды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе әкімшілік сотында қалалық мәслихаттың бұрынғы депутатына қатысты іс қаралды. Сәния Мұратова ӘҚБтК-нің 596-бабы “Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру” бойынша алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды. Мас күйінде көлік жүргізуге байланысты сот бұл істі әлі қараған жоқ. Мұратова сот отырысына келмеді.

Еске сала кетейік, 53 жастағы бұрынғы шенеунік Lexus маркалы автокөлікті мас күйінде басқарып, жол ережесін бұзған. Полиция оған қатысты екі әкімшілік хаттама толтырды.

Ол депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы арыз жазды.

Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясының С.Мұратованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысы сессия отырысында қаралып, нәтижесінде депутаттар қолдады. С. Мұратованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, – деп хабарлады ТИК.

Бұған дейін шенеуніктің мас күйінде көлік құралын басқарғаны айтылды. 
 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары