Астанада оқушы баспалдақтан құлаған №14 мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған оқушының баспалдақтан құлауы себеп болған. Әкесі Бекжан Қожамқұловтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.
Оқи отырыңыз: «Соқыр болып қалуы мүмкін»: Астанада оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті
Астанада оқушы баспалдақтан құлады: Басшылықтың үстінен іс қозғалды
Ал дәрігерлер болса балаға хирургиялық емнің қажеті жоқ дейді. Ал Астана қаласы білім басқармасының айтуынша, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ мектеп басшысы қызметінен босады.
Сарыарқа аудандық полиция басқармасында 19 қыркүйекте осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды №14 мектеп-гимназиясының директорлары оқиғаға байланысты қызметінен босатылды, - дейді ведомство.