$ 494.87  520.65  4.91

Министр ең төменгі жалақы мөлшерін неге 300 мың теңге етуге болмайтынын түсіндірді

Ол мұны ШОБ көтере алмайтынын жеткізді.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ең төменгі жалақы мөлшері жайлы айтты, деп хабарлады Skifnews.kz.

Брифингте БАҚ өкілі «Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып белгіленді, алайда депутаттар бұл жалақының жетпейтінін айтып, тағы да өсіру қажет деп отыр. Нақтырақ айтсақ, үш есе көбейтуді ұсынды. Бұған еліміздің әлеуеті жете ме, мүмкін бе?» деп сұрақ қойды.

Біріншіден, ең төменгі жалақының мөлшері 2018 жылдан бастап өсті. Яғни 45 мың теңгеден басталып, 85 мыңға жетіп отыр. Мұны еңбекақысын алғандағы ең төменгі стандарт атаймыз. Жұмыс беруші бұл төлемнен төмен төлемеуі керек. Мысалы 21 күн жұмыс істеп 80 мың теңге төлесе, жұмысшы сотқа арызданып, құқығын қорғай алады», - деді ведомство басшысы.

Жақыпова мұндай шешімге баруға болатынын айтады.

Ең төменгі мөлшерді 300 мың теңге қылып қойсақ, оны орта және шағын бизнес көтере алмайды. Олар жалақы төлеуі керек, зейнетақы қоры бар дегендей... Сондықтан бұл - қауіпті. Иә, популистік тұрғыда бұл шешімге бара аламыз. Бәріне жар салып осынша көтердік деп айтуға болады, алайда шын мәнінде, ешкім дұрыс жұмыс істей алмай қалады», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары