$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері 6 бала өрттен көз жұмған

Өрттің көбі, одан қайтыс болу фаткілері де тұрғын үй секторында тіркелген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, биыл өртпен байланысты қайғылы оқиғалардың саны былтырғыдан артқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам өрт болады. Салдарынан үш жүзден астам адам мерт болып жатыр. Өрттің көбі, одан қайтыс болу фаткілері де тұрғын үй секторында тіркелген.

1 қазаннан бастап республика бойынша жылыту кезеңі басталады. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, өрт 6,8%, ал адамдардың қаза болу көрсеткіші 6,5% көбейгені байқалады, - деді ол.

Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, өрт 6,8%, ал өрттен адамдардың қаза болу көрсеткіші 6,5% көбейген.

Министрліктің мәліметі бойынша, жылдың 8 айында өрттен және көмірқышқыл газымен улану салдарынан 6 бала қаза тапқан.

Марғұлан Аманбаев өрт фактілері күрт көбейген өңірлерді атады.

Өңірлердегі статистикаға келсек, Абай (46%), Алматы (33%), Қостанай (26%), Жамбыл (20%) облыстарында өрттердің көбейгені байқалады. Сол сияқты Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Шымкент, Алматы қаласында қаза тапқандар саны артты. Қаза тапқан азаматтар туралы айтатын болсақ, 86 адам мас болған, - деді комитет өкілі.

Дереккөз: ҚазАқпарат  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары