$ 443.85  474.3  4.8

Өзбекстанда балабақша ғимараты түнде жезөкшелердің қызмет көрсету орнына айналған

Өзбекстанның Сурхандария облысының балабақшасында тәрбиешілер мен күзетшілердің күндіз балаларды ұрып-соғып, түнде бақшаны жыныстық қызмет көрсету жайына айналдырғандарды сотқа тартты. Бұған қатысты аймақтық шенеуніктер жұмыстан босатылған.

Аймақтағы білім беру басқармасының мәліметі бойынша, Сурхандарияда төрт балабақша жыныстық қызмет көрсету жайына айналған. Бұған жол берілгені үшін аймақтағы мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарынан қуылған.

Жергілікті телеарналардың бірі былтыр қараша айында құқық қорғау органдарымен бірге облыстағы балабақшаларға рейдке шыққан. Оның алдында Денау, Ангар, Термез аудандарындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі көріністер жария болған. Бейнежазулар әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Жасырын камераға тартылған бейнероликтерден тәрбиешілер бөбектердің тілі мен жыныс мүшелерін пышақпен кесіп аламын деп қорқытқандарын көруге болады.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары