$ 445.66  474.58  4.78

Қостанай облысында 13 жастағы үш қыз жоғалып кетті

Қостанай облысында жоғалып кеткен үш жеткіншек қызды полиция іздеп жатыр. "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Динара Тоставлетова есімді әйелдің айтуынша, үш қыз Лисаковск қаласынан Қостанайға қашып кеткен. Алайда, олардың нақты қайда екені белгісіз. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі де бұл мәліметті растады деп жазады Alau.kz.

"Кеше 13 жастағы үш қыз жоғалып кетті. Қазіргі таңда полиция оларды іздестіріп жатыр. Барлық бөлімдерге ақпарат таратылды, бәрі жұмыс істеп жатыр, - дейді тәртіп сақшылары.

Қыздарға әлеуметтік желі арқылы іздеу салған Динара Тоставлетова болса жоғалған екі қыз туралы ғана айтқан.

"Достар, көмектеріңіз керек. 13 жастағы екі қыз жоғалып кетті. Көрген-білгендер болса жауап жазыңыздар. Бірі - Рада Бобренко, екіншісі - Адилия Ахетова. Екеуі де 13-те. Олардың Қостанайға кетіп қалғаны туралы ақпарат бар. Раданың үстінде ашық жасыл түсті куртка, сұр түсті бас киім, мойнында шарф, және қара портфелі бар. Адиля болса қызғылт түсті куртка мен сұр бас киімде болған", - делінген іздеу салған әйелдің жазбасында.

Оның айтуынша, қыздар 2 наурыз күні таңертең сағат 10-да жоғалған. Ата-аналары дереу полицияға хабар беріпті. Ал, үшінші қыздың кім екені әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары