$ 443.37  474.49  4.83

Алматы облысында мешіт имамы намаз кезінде жүгіріп жүрген баланы ұрып жіберген

Бұл видеоны журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында мешіт имамы намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы ұрып жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Бұл видеоны журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Ол видеодағы оқиғаның Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы мешітте болғанын жазған. 

Журналист сонымен бірге полиция департаментін, прокуратураны және дін істері басқармасын белгіліп, бұл жағдайға қатысты түсінік беруді сұраған.

Видеодан бірнеше адамның сап түзеп, намаз оқып жатқанын көруге болады. Олардың арасында бірнеше бала да бар. Олардың біреуі әрі-бері жүгіріп жүреді. Алайда оған басқа кісілер назар аудармастан, намаз оқуды жалғастырады.

Бір кезде бала имамға қарай жақындағанда, ол бүлдіршіннің бетінен ұрып жібереді. Бала сол жерде шалқасынан құлап түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары