$ 446.49  475.38  4.79

Қостанай облысында жоғалып кеткен үш қыз аман табылды

13 жастағы үш қыздың жоғалып кеткені туралы бұған дейін хабарланған болатын. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Балсұлу Әлекенова олардың табылғанын Alau.kz порталының тілшілеріне мәлімдеді.

«Қыздар Қостанайдың Орталық базарынан табылды. Үшеуі де аман-есен, денсаулықтарына қауіп төніп тұрған жоқ. Автобусқа 800 теңге төлеп келіпті. Қостанайға барып үлкендерше өздері жеке өмір сүргісі келген», — дейді Балсұлу Әлекенова.

Оның айтуынша, қыздар таныстарының үйіне барып қонған. Ол адаммен алдын ала келісіп алыпты. Қазір қыздарды учаскелік полицейлері Лисаковск қаласына қайта алып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары