Бүгін Орал қаласында түскі сағат 12-лер шаамсында «Орал Жан-Ойл» май құю бекетінде жарылыс орын алды, деп хабарлайды «Мой город».
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жанармайды жерасты қоймасына құятын жердің маңайында орын алған.
Қазіргі уақытта полиция жарылыс орын алған жер қоршауға алған, түтін көрінбейді.
Белгілі болғандай, жырылыстан 1965 жылы туған бір адам зардап шеккен.
— Зардап шеккен адамның денесінің 20 пайызын күйік шалған. Оң жамбасы сынып, қазір облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды, — дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Әзірге оқиғаның өзге деректері анықталуда.