$ 444.22  476.38  4.82

10-11 тамызда Қытай делегациясы Өскеменде бірқатар шараларды өткізеді

10-11 тамызда қалада көрме-жәрмеңкелер мен Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласынан концерттік бағдарламалар өтеді, деп хабарлады қаланың әкімдігінде.

10 тамызда Шәуешек қаласының шығармашылық ұжымы «Үлбі» ОМҮ-де концерт қояды. Оның бағдарламасында қытай фольклорлық ансамблінің номерлері қойылып, Шәуешек қаласы мен ҚХР-ның басқа қалаларынан вокалшылардың орындауында қытай, ұйғыр және қазақ тілдеріндегі әндер айтылады.

11 тамыз күні Оқушылар сарайында өскемендіктер үшін Шәуешек қаласында шығарылған тауарлардың көрме-жәрмеңкесі жұмыс істейді. Сонымен бірге, шетелдік қолөнершілер фарфор бұйымдарын жасап, майлы бояумен сурет салу бойынша шеберлік сыныбын көрсетеді.

Сонымен бірге, сол күні Шәуешек қаласынан келген делегацияның, Өскемен қаласының ШОБ өкілдері мен ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерінің қатысумен дөңгелек үстел өтеді. Кездесу «Алтай» аймақтық технопаркінде өтеді және онда ауыл шаруашылығы саласында инвестициялау мәселелеріне, жаңа нысандардың құрылысы, сонымен бірге «туыстас қалалар» жобасының аясында Өскемен мен Шәуешек қалаларының әлеуметтік-экономикалық байланысын нығайтуға назар аударылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары