$ 445.66  474.58  4.78

ҰБТ тапсыра алмаған түлектерге 1 жылдық мамандық курстары ашылды

Мектеп түлектеріне жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Қалалық жұмыспен қамту орталығы «жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында мектеп және колледж қабырғаларында 1 жылдық мамандық курстарын ашты, деп хабарлайды baq.kz.

Енді ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра алмай қалғандар, осы орталықтан дәріс алып, өзіне керек мамандық таңдауына үлкен мүмкіндік бар. Тек биылдың өзінде сынақтан сүрінгендердің саны 197 адамға жеткен.

—Тестілеуден өте алмаған түлектер үшін қазір 10 айлық курстар ашылды. Осындай оқуға түскендер тіпті 13 000 теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады. Бітірген соң олар кез келген жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретігн диплом алады, — деді жоғары біліктілік деңгейіндегі бақылаушы Маржан Сағынбаева.

Алғашқы қоңырау бұл орталықта 1 қыркүйекте соғылады. Айта кетейік, аталған білім ордасына тек мектеп жасындағы оқушылар ғана емес, жұмыссыз жүріп, жасы 29-дан аспаған кез келген азамат білім ала алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары