$ 444.32  473.33  4.76

Астанада жер телімдері беріліп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайты - әкімдік

Астана қаласының әкімдігі азаматтарға бүгінгі күні қалада жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу жүзеге асырылып жатқанын және биылғы жылға жоспарланбағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде (WatsApp, Facebook, Instagram және т.б.) Астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу басталғаны туралы вирустық ақпарат таратылуда, бұл шындыққа сәйкес келмейді.

Алаяқтық фактілеріне және ақпаратты қате түсінуге жол бермеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі халықты орталық мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарының хабарламаларына ғана сенуге шақырады.

2006 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға кезекке 117 мың азамат тіркелген. Тиісінше, бұған дейін жер телімін алуға өтініш берген және арнайы есепте (кезекте) тұрғандардан қайтадан кезекке тұру қажет етілмейді, өйткені олардың кезектілігі сақталады.

Кезектілік туралы мәліметтерді электронды әкімдіктің e.astana.kz және www.uzo.astana.kz сайтынан «Жерге кезек номерін іздеу» тарауынан білуге болады.

Қала билігі азаматтарды әлеуметтік желілердегі осындай таратылымдарға сақтықпен қарап, «фейк» ақпарат туралы қала әкімдігіне немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары