Жаңалықтар 06.03.2017 сағат 03:47

Түркіменстан өзбектің тұңғыш президенті Ислам Каримовке ескерткіш орнатпақ

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев түркіменнің Чарджоу қаласында Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің ескерткіш кешенінің ашылу салтанатына қатысады. Бұған қоса екі мемлекет басшылары өзбек-түркімен қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқыламақ деп жазады centralasian.org.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өзбекстан мен Түркіменстан арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылады.

Бұл - Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретінде шетелге алғашқы ресми сапары. Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов үшінші мерзімге сайланғалы бері бірінші мәрте шетел президентімен кездеседі.

Естеріңізге салайық, 14 ақпанда Өзбекстан мен Түркіменстан президенттері телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар