$ 524.58  551.91  4.93

«Грантқа түсіріп беремін»: Ақтауда алаяқтар 100-ден астам ата-ананы сан соқтырған

Енді олар университет басшылығына барып, жағдайды түсіндіруді талап еткен.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

Ақтауда 100-ден астам адам университеттен грант алып беремін деген алаяқтарға алданып, ақшаларын санап берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгісіз біреулер өздерін Yessenov университетінің қызметкерімін деп таныстырып, ата-аналарға белгілі бір сомаға балаларына мемлекеттік грант алып беруге уәде берген. Алайда оқу жылы басталғанда, олардың балалары студенттер тізімінде мүлдем болмай шыққан. Енді бір топ ата-ана университет басшылығына барып, жағдайды түсіндіруді талап еткен. 

Yessenov университетінің баспасөз қызметі ата-аналардың оқу орнына еш қатысы жоқ алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлады.

Қызметтік тексеріс жүргізіліп, әр ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс бойынша университет тарапынан да полицияға арыз түсті. Қазіргі уақытта полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары