$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 7 жасар қызды мұғалімдері ата-анасының рұқсатынсыз гинекологқа апарған

Атышулы оқиға Оқу-ағарту министрлігіне дейін жеткен.
Фото: myslo.ru
Фото: myslo.ru

Алматыда жекеменшік мектептің мұғалімдері бірінші сынып оқушысын ата-анасының рұқсатынсыз гинекологқа алып барған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

КТК телеарнасының мәліметінше, 7 жасар қыздың ата-анасы жекеменшік мектептің директоры мен мұғалімдерін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Баланың анасы қызын психологтың кабинетінде сұрақтың астына алып, содан кейін ата-анасының рұқсатынсыз оны гинекологқа тексеруге жібергенін айтады. Атышулы оқиға Оқу-ағарту министрлігіне дейін жеткен. Қазір мектепте қызметтік тексеру басталды.

Оқиға өткен жұма күні болған. Сабақ кезінде қыз жиі дәретханаға баруды сұрап, өзін нашар сезініп тұрғанын айтып шағымданған. Мұғалім оқушыны алдымен медбикеге, сосын психологқа апарыпты. Баламен сөйлескеннен кейін маман “қызды өгей әкесі зорлаған” деген қорытындыға келген. Мұғалімдер дереу жедел жәрдем шақырып, оқушы қызды тексеруге жіберген. Бірақ, қыздың олар ата-анасынан рұқсат алмаған. 

Біз қатты ашулымыз! Олар өздерінің қате болжамдарымен біздің ар-намысымыз нұқсан келтіреді. Бала да психологиялық соққы алды. Балаларымның өгей әкесімен қарым-қатынасы жақсы. Қыздар оны өз әкесіндей жақсы көреді. Мектептегілер жеті жасар баланы түсінбей, оны зорлады деген ойға келген. Және ауруханаға алып барған. Гинеколог менің рұқсатымсыз қызымды тексерген. Маған ескертсе, бірге барып тексертер едік, – дейді қыздың анасы. 

Қызды сотқа дейінгі сараптама орталығына алып барған. Сол жердегі мамандар мұғалімдердің болжамын жоққа шығарды. Оқушы қызға цистит диагнозы қойылды. Сараптама зорлау фактісін растамады. Енді қыздың ата-анасы білім мекемесінің қызметкерлерін жазалауды сұрап отыр. 

Барлық мәселе жекеменшік мектеп қызметкерлерінің кәсіби емес іс-әрекетінен туындап отыр. Балаға моральдық зиян келтірілген. Жанында ата-анасы жоқ жеті жасар баланың жағдайын қалай бағалауға болады? Бейтаныс адамдар шешіндіріп, тексере бастайды. Ол, әрине, жылап, айқайлады. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай заңсыз әрекеттерге мүлдем жол бермеуіміз керек, – дейді адвокат Нұржан Қоралбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары