$ 446.49  475.38  4.79

Алматылықтарда қала күніне орай арнайы турпакет ұйымдастырылды

Алматы қаласының әкімдігі Қала күніне орай тұрғындарына арнайы «Алматы Сити Тур» туристік пакетін ұсынып отыр, деп хабарлайды skifnews.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлағандай, 29 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында 22-ден астам шара өткізіледі.

«Шараның басты мақсаты жақын шетелдерден туристерді шақыру, олардың қызғушылығын ояту.
Алматының халықаралық имиджін қалыптастыру», делінген хабарламада.

«Алматы Сити Тур» турпакетінде қонақ үйге орналастыру, қаланың көрікті жерлерін көрсететін экскурциялар қарастырылған. Сондай-ақ, турпакет барлық қызметтерге 40% жеңілдік жасайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары