04.10.2023, 18:00

Астана әуежайы уақытша жабылады

Фото: © Тұрар Қазанғапов
Әуежайдың жабылу себебі, ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты.

Астана қаласының әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 - 17:20 уақыт аралығында жабылады, деп жазды Massaget.kz.

Әуежайдың жабылу себебі, ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты.

Лоукостерлер жолаушыларға ыңғайлы уақытты ұсыну мақсатында жаңа ұшу кестесін қарастырған.