$ 495.2  522.34  4.94

Түркістан облысында 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды қорқытып зорлап келген

Осылайша 2023 жылдың шілде айына дейін ол оны 9 рет зорлаған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Түркістан облысында тағы бір сұмдық жайт орын алды. Мектеп оқушысы 14 жастағы қызды зорлаған. Бір қызығы ол әлі күнге дейін жазаланбаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.

Бәрі 2022 жылы басталған. 18 жастағы 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызбен танысып, оны пышақпен қорқытып, зорлап тастаған. Қыз бала қатты қорыққанынан болған оқиға жайлы ешкімге айтпаған. Бозбала тіпті, егер біреуге айтатың болсаң, өз-өзіме қол жұмсаймын, өлер алдында хат жазып, онда сені кінәлі етемін, деп қорқытқан. Осылайша 2023 жылдың шілде айына дейін ол оны 9 рет зорлаған. Қыздың анасы білген кезде, ол Сайрам ауданы полиция бөліміне хабарласқан. Алайда іс әлі сағызша созылып, тергеу жалғасып келе жатыр, - деді заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары