Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жамбыл ауданының аумағында Алматы-Бішкек жолында 37 жастағы әйел "Хюндай" автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, кеткен. Салдарынан автобуспен соқтығысқан.
Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ бір автобус жолаушысы сол жерде көз жұмды.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайлары зерттеліп, тиісті сараптама жасалады.