$ 523.58  549.71  5.01

Қырғыздан шыққан қылмыс авторитеті Қамшы Көлбаевтың Қазақстанда активі бар ма

Қырғыз тарапынан сұраныс түсуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Коллаж: Ulysmedia.kz
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл сұрақ бүгін үкімет отырысында вице-премьер Ерұлан Жамаубаевқа қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қамшы Көлбаевтың активтері бұғатталатынын, оның активтері Қазақстаннан да ізделетінін хабарлаған, деп жазады Ulysmedia.kz. Алайда Жамаубаевтың сөзінше, қырғыз тарапынан сұраныс түспеген.

Қазақстанда бұл адамға (Қамшы Көлбаев – ред.) тиесілі ақша немесе мүлік бар-жоғы жайлы айту қиын, өйткені ақпараттың тарағанына көп бола қойған жоқ. Қырғыз тарапынан сұраныс түсуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады, – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары