$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбеде жұмысшы қаза тапты

40 жастағы қызметкер 9 метр биіктіктен құлап кетті.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электрмонтаждау жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 10-қазан күні сағат 17:10-да болған. «МСС-КИП Автоматика» ЖШС-нің 40 жастағы қызметкері 9 метр биіктіктен құлап кетті.  Жұмысшы бірден жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен, 11 қазан күні қайтыс болды.

Еңбек кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамында еңбек инспекциясының мамандары да болады, — деп хабарлады облыстық еңбек инспекциясы басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары