$ 495.2  522.34  4.94

Петропавлда шенеуніктер 7,8 миллион теңгеге кілем сатып алмақ болған

Бір шаршы метрін 35 мың теңгеге бағалаған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Петропавл қаласы әкімінің аппараты шаршы метрі 35 мың теңгеге бағаланған кілем сатып алмақ болған. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 9 айында жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 79 фактісін анықталып, нәтижесінде 1,8 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

Мәселен, Петропавл қаласы әкімінің аппараты кілемді бір шаршы метрін 35 мың теңгеге бағалап, сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің араласуымен 7,8 млн теңге болатын бюджет қаражаты үнемделген.

Аумақтық департамент басшысы Асхат Джакипбеков жыл басынан бері 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілгенін, бес мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау жүргізілгенін, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша 200-ден астам ұсынымдар әзірленгенін хабарлады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары