$ 448.15  483.46  4.86

Дәрігерлер салмағы 500 кг тартатын әйел асқазанының 85%-ын кесіп алып тастады

Нәтижесінде египетік әйел санаулы уақыт ішінде 100 келі салмақтан арылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы бірнеше айда ол тағы 100 келі салмағын жоғалтуы тиіс. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.

Эман Ахмед Аб әл-Ати есімді әйел әлемдегі ең ауыр адамдардың бірі. Үндістандық дәрігерлер оның асқазанына ота жасап, ас қорыту органының 85 пайызын кесіп алып тастады. Мұнан кейін ол тамақты азырақ жейтін болады.

«Оның жағдайы жақсарғаннан кейін туған жеріне оралады және сол жақта артық салмақтан арыла бермек. Үндістанға келген уақыттан бері Эман 100 келіге арықтады. Ол тек сұйық тамақ ішіп, ақуызға бай тағамдар жеп жатыр. Алдағы 6-8 ай көлемінде ол тағы 100 келі салмақтан арылуы тиіс», - дейді египеттік әйелді емдеген дәрігерлердің бірі.

Айта кетейік, 36 жастағы әйел Египеттен Үндістанға ақпан айында арнайы техниканың көмегімен жеткізілген болатын. Ауруханаға түскен кезде оның салмағы жарты тоннаға жуық болған. Өздігімен қозғалуы мүмкін болмағандықтан соңғы 20 жылдан бері науқас үйінен ешқайда шығып көрмепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары