$ 447.4  477.55  4.76

Стамбұлда көпір үстіне тікұшақ құлап, 5 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Стамбұл іргесіндегі Бююкчекмедж елдімекенінде тікұшақ құлап, бес бірдей адам қайтыс болды деп хабарлайды NTV. Ұшу аппараты тура көпірдің үстіне құлаған.

Апат таңертең орын алыпты. Тікұшақтың әуеде 5-6 минут қана ұшқаны белгілі болып отыр. Оның құлаған сәтінде көпір үстінде бірде-бір көлік болмаған. Елдімекен басшысы Хасан Акгюннің айтуынша, қайтыс болған 5 адамның бәрі тікұшақ бортында болғандар екен. Сондай-ақ, ол апатқа қалың тұманның себеп болғанын да мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, құлаған тікұшақ Eczacibasi компаниясына тиесілі. Оның бортында барлығы 7 адам болған, олардың екеуі - пилот, өзгелері - компания басшылары мен олардың шетелдік қонақтары екен.

Ал, Hurriet тілшілерінің айтуынша, бортта болған 5 адамның төртеуі - Ресей азаматы, бірі - жергілікті тұрғын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео